-
Notifications
You must be signed in to change notification settings - Fork 935
Description
Амансыңдар ма,оқушылар.Мен Мұрат Мөңкеұлымын және өз толғауымнан үзінді оқып берейін.
Біз көштік Сарыарқадан бермен асып,
Көлденең Сағыз бенен Жемді басып,
Ат мініп, киім киіп, тұқым алдық,
Сүйектес жақын жұртқа араласып.
Сыртымнан бір қыстамай сын тағыпсыз,
Қонаққа сүйте ме екен келген сасып.
Қонаққа сүйте ме сасып келген,
Алыстан жақын жұрт деп асып келген.
Тәңір айдап, Маңғыстауға еріксіз қуды,
Ісім жоқ кісі өлтіріп, қашып келген.
Сөз айтқан өздеріңе сын емес пе,
Ел едік – беріш, адай бірге жүрген.
Бұ қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Қазтуған, Асанқайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгілі осыларды да алған қоныс.
Бұ қоныс – жеті жұрттың кеткен қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Кемелсіз қонған елін көп тоздырған,
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?
Әуелде құтты болса неге кетті,
Еңіреп Қазтуғанның көшкен қоныс.
